
2026 жылғы 26 наурызда «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінде Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Дін істері басқармасы «Дінаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығының» экстремизм мен терроризмге қарсы насихат жүргізу бөлімінің басшысы Ержан Сыздықов «Интернет кеңістігіндегі деструктивті діни ағымдардың қауіптілігі» тақырыбында семинар өткізді, оның барысында «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» 2011 жылғы 11 қазандағы № 483-IV Заңының нормалары, сондай-ақ діни қызмет және бірлестіктер туралы заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілікті реттейтін Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 490-бабы түсіндірілді. Әдебиеттерді заңсыз тарату, жоралар өткізу, тіркеусіз миссионерлік қызмет атқару немесе жарғыны бұзу бұзушылықтарға жатады.
Семинар қорытындысы бойынша Департамент қызметкерлерінің көптеген сауалдарына толыққанды жауаптар берілді.