
2026 жылғы 19 наурызда Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мемлекеттік еңбек инспекциясы Комитетінің Солтүстік-Қазақстан облысы бойынша Департаментінің басшы орынбасары А.К. Көшербаев «Атамекен-Агро-Шұқыркөл» ЖШС жұмыскерлерімен кәсіби тәуекелдерді бағалау мәселесі бойынша кездесу өткізді, оның барысында бағалауды жүргізудің құқықтық негіздері, мақсаттары мен тәртібі, сондай-ақ қауіпті және зиянды өндірістік факторларды анықтау және оларды азайту қажеттілігі түсіндірілді. Кездесу қорытындысы бойынша жұмыс берушіге еңбек жағдайларын жақсарту және өндірістік жарақаттанудың алдын алу жөніндегі іс-шараларды кейіннен іске асыра отырып, объектілер мен жұмыс түрлері бойынша кәсіби тәуекелдерді жүйелі түрде бағалауды қамтамасыз ету ұсынылды.