Киберқылмыс және сталкинг мәселелері бойынша семинар

Киберқылмыс және сталкинг  мәселелері бойынша семинар

2026 жылғы 6 наурызда «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті» РММ-да Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының киберқылмысқа қарсы күрес тобының аға жедел уәкілі, полиция майоры М.И. Балацкаяның қатысуымен «Киберқылмыс және сталкинг: қазіргі қоғамның қауіп-қатерлері мен оған қарсы іс-қимыл шаралары» атты семинар өтті, оның барысында мынадай негізгі мәселелер талқыланды:

1) Киберқылмыс дегеніміз не? Киберқылмыстың өсуінің негізгі себептері.

2) Сталкинг: Оның ұғымы, түрлері мен көрініс табу формалары.

36) Сталкинг немесе киберқылмыс дерегі анықталған жағдайдағы іс-қимыл алгоритмі. Бұл қылмыстардың алдын алу шаралары.

Семинар қорытындысы бойынша М.И. Балацкая Департаменттің мемлекеттік қызметшілері тарапынан қойылған сұрақтарға толық әрі жан-жақты жауап берді.