Сауда орталықтарында ашық есік күнін өткізу "Рахмет "және"CityMall"

Сауда орталықтарында ашық есік күнін өткізу "Рахмет "және"CityMall"

2026 жылғы 27 ақпанда Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің 2026 жылға арналған жұмыс жоспарын орындау мақсатында мемлекеттік еңбек инспекторы                 Д.Д. Купеева халықпен және кәсіпкерлермен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Іс-шара «Рахмет» және «CityMall» сауда орталықтарының алаңдарында өтті. Кездесу барысында азаматтар мен кәсіпкерлерге Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасының нормалары, сондай-ақ қызметкерлердің еңбек құқықтарын сақтау саласындағы негізгі талаптары түсіндірілді.

Еңбек қатынастарын ресімдеу, жалақыны уақтылы және толық төлеу, жұмыс уақыты мен демалыс уақытын сақтау, сондай-ақ бұзылған құқықтарды қорғау үшін мемлекеттік еңбек инспекциясы органдарына жүгіну тәртібіне ерекше назар аударылды.

Іс-шара аясында қатысушыларға Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын бұзудың алдын-алу үшін ұсынымдар мен туындаған сұрақтарға толыққанды жауап берілді.

Консультация өткізу кезінде қыздар мен әйелдерге құрметпен қараудың құндылықтары, қарым-қатынасқа мәжбүрлеуге жол бермеу, келіндерді ұрлау және біздің мәдениетіміз бен заңнамамыздың негіздеріне қайшы келетін ұлттық дәстүрлермен байланысты емес зорлық-зомбылықтың өзге де түрлері туралы мәселе қамтылды.

Осындай ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын өткізу халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын сақтау мәдениетін қалыптастыруға және еңбек дауларын алдын алуға бағытталған.