Еңбек ұжымдарымен кездесу

Еңбек ұжымдарымен кездесу
13.02.2026 жылы Тайынша ауданының прокуратурасы аудан әкімдігінің және Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп "Заң және тәртіп" тұжырымдамасы аясында "EMS Agro" ЖШС және "GCK-Tayynsha Astyk"ЖШС еңбек ұжымдарымен кездесу өткізді.
Іс-шараға екі кәсіпорынның 60-қа жуық қызметкері қатысты.
Кездесудің мақсаты-өндірістік кәсіпорындарда заңға бағынатын мінез-құлықты қалыптастыру, жұмыстарды жүргізу кезінде құқық бұзушылықтардың, жазатайым оқиғалар мен аппатардың алдын алу, сондай-ақ құқықтық және өндірістік тәртіп деңгейін арттыру.
Кездесу барысында қатысушыларға қолданыстағы заңнаманың талаптары, еңбек тәртібін сақтау және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету мәселелері түсіндірілді.