
Салтанатты рәсімді аша отырып, департамент басшысы Мирас Капетович Сабаганов Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 532 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік қызметшілердің, Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының және Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты судьяларының ант беру қағидаларының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің антты бір рет қабылдайтынын атап өтті. Ант бере отырып, мемлекеттік қызметші халық пен мемлекет алдында жоғары жауапкершілікті өз мойнына алады. Антқа адал болу — заңдарды қастерлеп сақтауды, қызметіне адал әрі ұжданды болуды білдіреді.
2026 жылғы 2 ақпанда «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті» РММ-нің жаңадан қабылданған мемлекеттік қызметшілері Қазақстан Республикасының әкімшілік мемлекеттік қызметшісінің антын қабылдады.
Сынақ мерзімін сәтті өткергеннен кейін еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды бақылау бөлімінің бас маманы – мемлекеттік еңбек инспекторы Екатерина Дмитриевна Сергиенко және еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды бақылау бөлімінің бас маманы – мемлекеттік еңбек инспекторы Артём Владимирович Сергеев ант берді. Осы оқиғаның барлық жауапкершілігі мен маңыздылығын сезіне отырып, Екатерина Дмитриевна мен Артём Владимирович ел Конституциясы мен заңнамасын сақтауға, халыққа адал және кәсіби қызмет етуге ант берді.
Мемлекеттік мекеменің басшысы мен қызметкерлері мемлекеттік қызметте алдағы уақытта табыстарға жету жолында жылы тілектерін білдірді.
Іс-шараның соңында Қазақстан Республикасының Гимні орындалды.