
«AMANAT» партиясының СҚОФ жанындағы Әйелдер қанатының отырысында әйелдер үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету мәселесі талқыланды. Кездесуге қатысушылар еңбек құқықтары, өндірістік жарақаттанудың алдын алу және әйелдердің түрлі салаларда кездестіретін проблемалық мәселелер көтерді.⠀
ҚР ЕХӘҚМ Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің СҚО бойынша департаментінің басшысы Мирас Сабаганов әйелдердің, соның ішінде жүкті әйелдер мен жас балалары бар аналардың құқықтарын қорғауға бағытталған еңбек заңнамасының нормаларын түсіндірді. Сонымен қатар, соңғы екі жыл ішінде әйелдер зардап шеккен өндірістік жарақаттану деректері айтылды.