
2026 ж.16.01. "Заң және тәртіп" идеологиясын ілгерілету тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде Қызылжар ауданы прокуратурасының бастамасымен "ҚР ЕХӘҚМ мемлекеттік еңбек инспекциясы Комитетінің СҚО бойынша департаменті" РММ-мен бірлесіп өндірістік жарақаттанудың алдын алу мақсатында "Молсервис" ЖШС-де еңбек ұжымымен кездесу өткізілді.
Кәсіпорын қызметкерлері мен әкімшілік қызметкерлеріне еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау нормалары түсіндірілді.