Сотта еңбек дауларын қарау практикасы бойынша дөңгелек үстел

Сотта еңбек дауларын қарау практикасы бойынша дөңгелек үстел

2025 жылғы 21 қарашада Солтүстік Қазақстан облыстық сотында "Солтүстік Қазақстан облысының Кәсіподақ орталығы" Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің қатысуымен "Еңбек даулары бойынша сот практикасы"тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы М. Қ. Сабаганов сотта, оның ішінде келісу комиссияларында еңбек дауларын шешу жөніндегі мәселелерді түсіндірді.