Салтанатты іс-шара

Салтанатты іс-шара

2025 жылғы 8 қазанда кәсіподақ қозғалысының 120 жылдығын, ҚР Кәсіподақтар федерациясының 35 жылдығын және Қазақстанның кәсіптік одақтары күнін мерекелеуге арналған салтанатты іс-шара өтті, оған ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің СҚО бойынша департаментінің басшысы Мирас Қапетұлы Сабағанов  қатысты.

Департамент қызметкерлері осы мерекеге қатысы бар барлық адамдарды Қазақстанның кәсіподақтары күнімен құттықтайды. Сіздерге қызметкерлердің әлеуметтік-экономикалық құқықтарын қорғау жөніндегі жауапты жұмысыңызда тек табыс, көп қырлы кәсіподақ қызметінде жаңа жетістіктер тілейміз.