2025 жылғы 30 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысының Кәсіподақ орталығында «Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша кәсіподақтардың ұсыныстары» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.
Іс-шараға СҚО бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Департамент басшысы М. Қ. Сабағанов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің СҚО бойынша департаментінің басшысы Е. Н. Қарымсақов, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің СҚО бойынша өкілі Ж. Ж. Жұмабаев, сондай-ақ облыстық салалық кәсіподақтардың құқықтық қызметтерінің өкілдері, БАҚ өкілдері қатысты.
«Дөңгелек үстел» өткізу барысында қатысушылар арасында кәсіподақтар шығарған ұсыныстар бойынша пікір алмасты, бірыңғай ұстанымға келді.