Әдеп кодексінің нормаларын сақтау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі семинар

Әдеп кодексінің нормаларын сақтау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі семинар

2025 жылғы 26 қыркүйекте «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті» РММ-да Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы Д. С. Ермеков «Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын, тәртіптік жаза қолдану рәсімдерін сақтау, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбында семинар өткізді, оның барысында қызметтік әдеп нормалары мен қағидаттары, оларды сақтамағаны үшін жауапкершілік; мемлекеттік қызметшілер арасында лудоманияның алдын алу; «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңға түзетулер, мемлекеттік қызметшілердің «жауапкершілік шлейфіне» өзгерістер; мемлекеттік қызметтегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселері талқыланды.

Семинар қорытындысы бойынша диалог өтті, онда Департаменттің мемлекеттік қызметшілері қызықтырған сұрақтарын қойды. Барлық сұрақтарға толық жауаптар берілді.