2025 жылғы 23 қыркүйекте «Аманат» партиясы» қоғамдық бірлестігінің Солтүстік Қазақстан облыстық филиалында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы-бас мемлекеттік еңбек инспекторы М. К. Сабаганов азаматтарды жеке қабылдады.
Кәсіпорындардағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, жалақы төлемеу, аурухана парақтары бойынша төлем жүргізу және еңбек саласының басқа да мәселелері бойынша қабылдауға 3 адам келді.