Әдеп жөніндегі уәкілдердің 2025 жылға арналған жұмыс жоспарын орындау аясында 2025 жылғы 25 тамызда Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті Ашық есік күнін өткізді.
Мемлекеттік еңбек инспекторлары еңбек заңнамасының нормаларын телефон байланысы арқылы да, азаматтарды қабылдау барысында да түсіндірді.
Барлығы 23 өтініш білдіруші кеңес алды (жеке қабылдау барысында - 12 адам, телефон байланысы арқылы-11 адам).