Ақпарат СҚО облыстық Кәсіподақ орталығында дөңгелек үстел өткізу туралы

Ақпарат СҚО облыстық Кәсіподақ орталығында дөңгелек үстел өткізу туралы

2025 жылғы 31 шілдеде ҚР ЕХӘҚМ мемлекеттік еңбек инспекциясы Комитетінің СҚО бойынша департаменті СҚО облыстық кәсіподақ орталығының Үйлестіру кеңесінің мүшелерімен энергетика, машина жасау, теміржол көлігі, білім беру, денсаулық сақтау, орман шаруашылығы, мемлекеттік мекемелер, пошта байланысы салаларындағы салалық кәсіподақтар төрағаларының қатысуымен дөңгелек үстел өткізді.

Кездесуде Кәсіподақ орталығының, мемлекеттік еңбек инспекциясы Департаментінің бірінші жартыжылдығы қызметінің қорытындылары, «2024-2026 жылдарға арналған қауіпсіз еңбек» бағдарламасын іске асыру бойынша одан әрі бірлескен өзара іс-қимылы талқыланды. Облыстық кәсіподақ орталығының төрағасы Е.Е. Нұрақаев, сондай-ақ салалық кәсіподақтардың төрағалары қызметкерлердің еңбек құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды жақсарту бойынша бірқатар ұсыныстар айтты.