2025 жылғы 22 шілдеде Қызылжар ауданының әкім аппаратында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің мемлекеттік еңбек инспекторы А.А. Мухановтың қатысуымен әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үш жақты комиссияның отырысы өтті.
Отырыста «Қызылжар аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК кәсіпорындарында 525 қызметкердің алдында жалақы берешегі мәселесі қаралды.
24.07.2025 жылғы жағдай бойынша «Қызылжар аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК-да 525 қызметкердің алдындағы жалақы бойынша берешек толық көлемде өтелді.