Әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссияның отырысы

Әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссияның отырысы

2025 жылғы 24 шілдеде Петропавл қаласының әкім аппаратында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің мемлекеттік еңбек инспекторы А.А. Мухановтың қатысуымен әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үш жақты комиссияның отырысы өтті.

Отырыста «Приишимье и К» ЖШС, «СҚУ колледжі» ҰББҰ кәсіпорындарында 94 қызметкердің алдында жалақы (демалыс) берешегі бойынша мәселе қаралды.

Отырыс қорытындысы бойынша кәсіпорын басшыларына бұдан былай жоғарыда аталған бұзушылықтарға жол бермеу және Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде көзделген жалақыны және өзге де төлемдерді қызметкерлерге уақтылы және толық төлеу бөлігінде Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасының нормаларын сақтау бойынша міндеттемелер берілді.