Семинар бойынша ақпарат

Семинар бойынша ақпарат

Жұмыс орындарында өндірістік жарақаттанудың алдын алу аясында 2025 жылғы 27 маусымда  Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы М.А. Чингисова Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерімен семинар өткізді, оған Департаменттің өрт сөндірушілері және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты лауазымды тұлғалар тікелей қатысты. Осы кеңесте:

1) Еңбек заңнамасын сақтау;

2) Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудың профилактикасы;

3) Департаменттің еңбек заңнамасы саласындағы қызметі мәселелері қозғалды.