2025 жылғы 24 маусымда ҚР ЕХӘҚМ Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті Петропавл қаласының прокуратура органдарымен бірлесіп «С. М. Киров атындағы зауыт» АҚ өкілдерімен өндірістік жарақаттануға қатысты семинар өткізді. Аталған семинарда:
1) Өндірістік жарақаттанудың негізгі себептері;
2) Өндірістік жарақаттарды болдырмау мақсатында жұмыс беруші қабылдайтын шаралар;
3) 2025 жылдың өткен кезеңінде жұмыс орнындағы жарақаттану бойынша статистикалық деректер, сондай-ақ Департаменттің еңбек заңнамасы саласындағы қызметі мәселелері қозғалды.