Облыстың білім беру мекемелері арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу

Облыстың білім беру мекемелері арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу

Білім беру мекемелерінде Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының тиісінше орындалуын қамтамасыз ету мақсатында 2025 жылғы 24 маусымда    ҚР ЕХӘҚМ мемлекеттік еңбек инспекторлары А.Н. Бейсембин мен А.А. Муханов Петропавл қаласының білім беру мекемелерімен жұмыскерлер мен жұмыс берушілер арасындағы еңбек қатынастарын реттеу бөлігінде Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің талаптарын сақтауға, оның ішінде мұғалімдер мен оқытушыларды олардың еңбек шарттарында және лауазымдық міндеттерінде көзделмеген еңбек функцияларын орындауға тартуға жол бермеуге қатысты онлайн семинар өткізді.

Аталған іс-шараға Петропавл қаласының білім беру мекемелерінің 150 өкілі қатысты.

Сондай-ақ, семинарға қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.