Облыстың білім беру мекемелері арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу

Облыстың білім беру мекемелері арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу

Білім беру мекемелерінде Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасының тиісінше орындалуын қамтамасыз ету мақсатында 2025 жылғы 24 маусымда ҚР ЕХӘҚМ Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің СҚО бойынша департаментінің мемлекеттік еңбек инспекторлары М.Б. Жунусова мен  А.Г.Закерьянов  Айыртау және Тимирязев аудандарының білім беру мекемелерінің қатысуымен қызметкерлер мен жұмыс берушілер арасындағы еңбек қатынастарын реттеу бөлігінде Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің талаптарын сақтауға қатысты, оның ішінде мұғалімдер мен оқытушыларды өздеріне тән емес еңбек міндеттерін, олардың еңбек шарттарында және лауазымдық міндеттерінде көзделмеген функцияларды орындауға тартуға жол бермеу туралы онлайн семинарлар өткізді.

Аталған іс-шараға жоғарыда аталған аудандардың мекемелерінен 35 өкіл қатысты.

Сондай-ақ, семинарға қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды