Абайдың 180 жылдығына арналған дәрісхана

Абайдың 180 жылдығына арналған дәрісхана

2025 жылғы 13 маусымда «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінде «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Сәбит Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы» КММ-ның жоғары санатты кітапханашысы А. К. Шайхислямова бейнероликтер, әдебиеттер көрсете отырып, «Абайдың ұлы мұрасы» атты дәріс өткізді. Абай Құнанбаев ғалым, ойшыл, ақын, ағартушы, заманауи ұлттық әдебиеттің негізін қалаушы, аудармашы және композитор ретінде еліміздің тарихында өшпес із қалдырды.