Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ Есіл, Шал ақын, Ғабит Мүсірепов және Тимирязев аудандарында болып, кездесулер «Amanat» партиясының ғимаратында, аудандық әкімдіктер мен емханаларында өтті. ҚР ЕХӘҚМ Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің СҚО бойынша департамент басшысының орынбасары А.К. Көшербаевпен еңбек заңнамасы аясында халыққа заңгерлік кеңес берілді.
Жобаның негізгі мақсаты-тұрғындарға, әсіресе шалғайдағы елді мекендерге құқықтық көмек көрсету және мүмкіндігінше заң шеңберінде азаматтардың өзекті мәселелерін шұғыл шешу.
Кеңесшілер мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері, аймақтың заңгерлері болды.
Аудан тұрғындары еңбек жағдайларын жақсарту бойынша өз сұрақтарына және ұсынымдарына жауап алды, бұл құқықтық сауаттылықты арттыруға және жұмыс орындарында олардың мүдделерін қорғауға ықпал етеді.
Жыл бойы мобильді топ облыстың барлық аудандарына баруды жоспарлап отыр.