Қазақстан Республикасы Президентінің «Жұмысшы мамандықтар жылын жариялау туралы» Жарлығына сәйкес инженерлік-техникалық мамандықтардың беделін арттыру, техникалық мамандарды ынталандыру мақсатында, сондай — ақ кәсіби мереке-байланыс қызметкерлері күні қарсаңында Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің цифрлық технологиялар басқармасының басшысы А.С. Байтеміров өз атынан байланыс саласының қызметкерлеріне алғыс хаттар табыс етті:
- Н.М. Думышевқа «Кселл» АҚ аға инженері;
- В.В. Аредаков «Кселл» АҚ инженері;
- В.А. Бородинға Көкшетау қаласындағы «Транстелеком» АҚ филиалының желілік-кабельдік бригадасының талшықты-оптикалық байланыс желісінің электромеханигі – «Көкшетаутранстелеком»;
- Көкшетау қаласындағы «Транстелеком» АҚ филиалының желілік-кабельдік бригадасының күзет-түсіндіру жұмыстарының инженері Б.А. Құдыровқа – «Көкшетаутранстелеком»;
- В.В. Лукьяненко және А.А. Марфинға Солтүстік Қазақстан «Қазақтелеком» АҚ Солтүстік Қазақстан филиалының желілік-кабельдік цехының кәріздік байланыс құрылыстарына қызмет көрсету жөніндегі учаскенің желілік байланыс құрылыстары мен абоненттік құрылғыларының инженерлері;
- В. В. Башмаковқа және А.Ж. Алимбаевқа «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС инженерлеріне;
- С.Б. Чулкинға және Д.М. Суловқа «Кар-Тел» ЖШС BSS аға инженерлері.
А.С. Байтеміров адал еңбегі, жоғары кәсібилігі және байланыс саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін шын жүректен алғысын білдірді, сондай-ақ одан әрі табыс, зор денсаулық пен амандық тіледі.