Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау мақсатында СҚО-да дрондардың көмегімен су тасқынын бақылау бойынша өңіріміз үшін аса маңызды инновациялық жоба басталды.
«Қазақтелеком» АҚ-мен бірлесіп «Digital Almaty 2025» республикалық форумында ұсынылған,су тасқыны жағдайының мониторингіне бейімделген «Дрондардың бірыңғай инфрақұрылымы» жобасы енгізілді.
Автоматты режимде облыстың 8 су тасқыны қауыпы бар аумағында тәулік бойы мониторинг жүргізілетін болады.
Дрондарды пайдалану арқылы су тасқынын болжау дәлдігі артады және аймақ тұрғындары үшін ықтимал салдарлар барынша азайтылады.