2025 жылғы 25 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Руслан Алишевтің төрағалығымен Цифрлық технологиялар басқармасының алқасы өтті, онда ол цифрландырудың маңыздылығы мен көпвекторлығын, оның ішінде әлеуметтік-экономикалық дамуға әсерін атап өтті.

2025 жылғы 25 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Руслан Алишевтің төрағалығымен Цифрлық технологиялар басқармасының алқасы өтті, онда ол цифрландырудың маңыздылығы мен көпвекторлығын, оның ішінде әлеуметтік-экономикалық дамуға әсерін атап өтті.

Алқа отырысында цифрландыру басқармасының басшысы Азамат Байтеміров облысты цифрландыру бойынша атқарылған жұмыстар туралы есеп берді.

Облыста экономиканың барлық салаларында – білім беру, денсаулық сақтау, көлік, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және басқа да бағыттарда цифрлық жобалар енгізілуде.

Азаматтар үшін ең маңызды жобалардың бірі – жол жүру ақысының электрондық төлем жүйесі. 2024 жылы барлық төлемдердің 94,2%-ы электрондық форматта жүргізілді (29,6 млн транзакцияның 27,9 миллионы). Сондай-ақ, қоғамдық және жол қауіпсіздігін арттыру мақсатында бейнебақылау камераларының қамту аймағы кеңеюде.

Коммуналдық кәсіпорындарға келісімшарт жасасу және қызмет алу үшін бару қажеттілігін жою бойынша жұмыс жүргізілуде. Осы мақсатта SqoQyzmet.kz коммуналдық қызметтер порталы іске қосылды. 2024 жылы 3,5 мың қызмет көрсетілді.

Сондай-ақ, азаматтардың қала әкімдігіне жүгінуі мен баруын азайтуға мүмкіндік беретін Бірыңғай байланыс орталығы – 109 қызметі жұмыс істейді. 2024 жылы бұл орталыққа 64 мыңнан астам өтініш келіп түсті.

Цифрландыру саласында жасанды интеллектті қолдану арқылы жаңа шешімдер енгізілуде. Мысалы, 7 медициналық ұйымға енгізілген «SmartECG» қашықтықтан ЭКГ диагностикасы жобасы арқылы 2024 жылы 28 мыңнан астам электрокардиограмма расшифрленді. Сонымен қатар, 23 және 25 мектептерде агрессияны ерте анықтау жүйесі енгізілді. Жол сапасын мониторингтеу бойынша да жобалар жүзеге асырылуда.

Цифрлық жобаларды іске асыруда бірыңғай тәсілді қолдану және мемлекеттік органдардың цифрлық жобаларды келісу рәсімдерін сақтауы қажеттілігі атап өтілді.

Облыста IT-экожүйені дамыту және IT саласына тарту бойынша іс-шаралар өткізіледі. Өткен жылы «Decentrathon 2.0» республикалық хакатонында екі өңірлік команда жүлделі орындарға ие болды (Bonfire командасы жасанды интеллект бағыты бойынша 1-орынды, ал Shakshuka командасы ойын әзірлеу бағыты бойынша 3-орынды иеленді).

Цифрландыру басқармасы мемлекеттік қызметтердің сапасына мониторинг жүргізеді. 2024 жылы облыста 6,5 миллионнан астам қызмет көрсетілді, оның 99%-ы электрондық форматта. 2023 жылмен салыстырғанда электрондық қызметтер саны 1,3 есеге артты. Бұл көрсеткіштер мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру және оларды электрондық форматқа көшіру бойынша жүйелі жұмыстың нәтижесі болып табылады.

 

Болашақ жоспарлар ретінде Азамат Байтеміров қолданыстағы цифрлық жобаларды одан әрі дамыту, жаңа салалық жобаларды енгізу және жасанды интеллектті пайдалану аясын кеңейту стратегиясын атап өтті.

 

Сондай-ақ, Astana Hub-тың өңірлік өкілі және SKO Hub жетекшісі Нұргүл Булатова өңірлік хабтың қызметі, өткізілген іс-шаралар және алдағы жоспарлар туралы баяндады.

Онымен қатар, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры Жұмабай Еркін Қызырұлы фронт-офис арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету туралы айтып өтті.

 

Отырысты қорытындылай келе, әкімдік аппаратының басшысы Руслан Алишев өңірлік IT-қоғамдастықтың сұрақтарына жауап беріп, IT-мамандарды даярлау мен тартудың, IT-компанияларды мемлекеттік цифрландыру процестеріне қатыстырудың және стартап-мәдениетті дамытудың маңыздылығын атап өтті.