Солтүстік Қазақстан облысы тұрғындарымен кездесу

Солтүстік Қазақстан облысы тұрғындарымен кездесу

Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Олжабеков Мәлік Серікұлы 2026 жылғы 06 мамыр күні сағат 10:30-да Петропавл қаласының Qyzyljar Creative Center Солтүстік Қазақстан облысы тұрғындарымен кездесу өткізеді.

Сағат 11:30-да Министрліктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша азаматтарды жеке қабылдайды (мекенжайы: Петропавл қаласы, Жамбыл көшесі, 195).

Жеке қабылдауға жазылу, сондай-ақ сұрақтар мен ұсыныстарды қабылдау 8 7152-32-00-78 және 8 747-130-26-30 телефон нөмірлері арқылы жүзеге асырылады (жұмыс күні сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін).

Тұрғындармен кездесудің онлайн-трансляциясы Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің ресми YouTube парақшасында тікелей эфирде жүргізіледі.

Азаматтарды кездесуге белсенді қатысуға және бірінші вице-министрге сұрақ қоюға шақырамыз!

Министрліктің негізгі қызмет бағыттары: жасанды интеллект, телекоммуникация және байланыс, электрондық үкімет және мемлекеттік қызметтер, аэроғарыш өнеркәсібі, электрондық өнеркәсіп, цифрлық активтер индустриясы, ақпараттық қауіпсіздік.