«СҚО әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» КММ Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрінің 2018 жылғы 15 тамыздағы № 18 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, іске асыру мониторингі және оның нәтижелерін бағалау қағидаларына сәйкес 2026 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тақырыптарын жария талқылау өткізілетіні туралы хабарлайды.
Жария талқылау 2025 жылғы 4 – 17 желтоқсанынан дейін аралығында 10 жұмыс күні ішінде онлайн форматта өткізіледі. Сұрақтар, түсініктемелер, ұсыныстар, ескертулер жазбаша түрде (электрондық мекенжайға uvmp-sko@mail.ru) ауызша түрде де (тел. 8 7152 618236) қабылданады, сондай-ақ түсініктемелерді сайтта қалдыруға болады.
Жобалар тізіміне сілтеме: https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-digital/discussion-documents/details/820?lang=kk
Анықтама телефоны: 8 7152 618236.