"Север-2025" облыстық қысқы спартакиадасының жабылуы

"Север-2025" облыстық қысқы спартакиадасының жабылуы

2025 жылғы 23 ақпанда "Север-2025"облыстық қысқы спартакиадасының жабылу салтанаты өтті.  Спортшылар мен ауданымыздың барлық қатысушылары өз шеберліктерін көрсетіп, керемет ойындар мен жарыстар ұсынды. Осы ауқымды іс-шараны сәтті өткізуге қатысқан барлық ұйымдастырушыларға және әрбір қатысушыға зор алғысымды білдіремін.
Мереке кезінде спортшыларымыздың жігері мен еңбегі бәрімізді таң қалдырды. Бұл іс-шара тек спорттық жарыс қана емес, ол ауданымыздың бірлігіне, азаматтық белсенділігіне ықпал етті, жастардың салауатты өмір салтын насихаттады.
Қысқы спорт түрлері мерекесінің қорытындысы шығарылды, жалпы командалық есепте жүлделі 3 орынды Шал ақын ауданы иеленді; 2 орынды-Ақжар ауданы иеленді;
1 орынды Қызылжар ауданы иеленді. Жеңімпаздарымызды құттықтай отырып, болашақта жаңа жетістіктер мен жеңістер тілейміз.