Петропавл қалалық мамандандырылған халыққа қызмет көрсету бөлімі өз жұмысын бұрынғы мекенжай бойынша жалғастырады

Петропавл қалалық мамандандырылған  халыққа қызмет көрсету бөлімі өз жұмысын  бұрынғы мекенжай бойынша жалғастырады

Петропавл қалалық мамандандырылған халыққа қызмет көрсету бөлімі ғимаратты күрделі жөндеуден өткізгеннен кейін 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұрынғы мекенжайында көлік бағыты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуді әрі қарай жалғастырады.
Естеріңізге сала кетейік, қазір облыс тұрғындары көлік құралдарын тіркеу, жүргізуші куәліктерін ауыстыру, жүргізуші куәлігі бойынша емтиханның теориялық және практикалық бөлімдеріне өтініштерді бір жерге - Нефтепроводная көшесі, 7-үй мекен-жайында тапсыруға болады, бұдан бұрын ғимаратты күрделі жөндеуге байланысты көлік қызметтерін екі түрлі жерден алуға тура келді,
Петропавл қалалық мамандандырылған халыққа қызмет көрсету бөлімі азаматтарды жұмыс күндері сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін (құжаттарды беру - 18.00-ге дейін), сенбі күні сағат 9:00-ден 12:00-ге дейін (құжаттарды беру - 13.00-ге дейін) қабылдайды.