Digital Bridge 2023: Мемлекет басшысына «Құжаттамалық терминал» Мемлекеттік корпорациясының инновациялық жобасы таныстырылды.

Digital Bridge 2023: Мемлекет басшысына «Құжаттамалық терминал» Мемлекеттік корпорациясының инновациялық жобасы таныстырылды.

Ақжар ауданданына жұмыс сапарымен өңір басшысы Гәуез Нұрмұхамбетов келді. Ауданданымыздың әлеуметтік нысандарының тыныс-тіршілігімен танысып, Талшык ауылындағы жаңадан салынған хоккей кортын қарап шықты және корт алаңында ауыл тұрғындарымен жүздесті. Кездесулерде аудандардың даму жоспары талқыланып, өзекті мәселелер көтерілді. Әсіресе ауыл кошелері жолдарымен облыстық «Казгородок-Горьковское» жолы мәселесі көтерілді және дене шынықтыру-сауықтыру кешеңін коршау туралы. Аудан тұрғындарының ұсыныстарын бақылауға алып, келесі жылы атқарылатын жоспарға қосылатынын айтты. Жоспар бойынша өңір басшысы орталық қазандыққа барды және Талшық ауылындағы жылу желілерінің құрылысының барысымен танысты, «Талшык Астык LTD» ЖШС көріп шықты және ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің басшыларымен кездесті. Әрі қарай Ленинград ауылыдық округінің Дәуіт ауылындағы «Бекет» ШҚ және «Нұр КААД Агро» ЖШС басшыларымен кездесіп, шаруашылықтардың жұмыс барысымен танысты.