Ағымдағы жылдың 28 қыркүйегінде сағат 16:00-де Солтүстік Қазақстан облысының бақылау және қадағалау органдарының бірыңғай есеп беру күні өтеді.
Қатысуға ауданның кәсіпкерлері шақырылады.
Есеп берудің бірыңғай күні кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекет арасындағы өзара іс-қимылды жақсарту, бизнес пен мемлекет арасындағы қатынастарды реттеу бойынша сындарлы шешімдерді әзірлеу, қауіпсіз қызметті жүзеге асыру үшін кәсіпкерлік субъектілері мен ұйымдарының құқықтық сауаттылығын арттыру, мемлекеттің бақылау-қадағалау қызметін реформалау аясында мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы заңнаманың міндетті талаптарын бұзудың жүйелі профилактикасын дамыту мақсатында кәсіпкерлік субъектілерімен мемлекеттік бақылау мен қадағалау нәтижелерін және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтардың алдын алуды талқылау бойынша кездесу түрінде өткізіледі.
Есеп берудің бірыңғай күні бейнеконференцбайланыс арқылы Талшық ауылы, Целинная к., 15, 1-қабат (аудан әкімдігінің отырыс залы) мекенжайы бойынша өткізіледі.
Іс-шараға қатысу туралы ақпаратты 8 (71546) 2-12-67, 2-26-73 («Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және ветеринария бөлімі» КММ) телефондары арқылы алуға болады.