Удостоверение личности

Удостоверение личности

ҚР азаматтары жеке куәлікті 16 жасқа толған кезде алады. Осы жасқа жеткен кезде құжатты бір ай ішінде рәсімдеу керек, әйтпесе 7 АЕК немесе 24 150 теңге айыппұл төлеу керек болады. Сонымен қатар, егер мерзімі аяқталған жеке куәлік бір ай ішінде жаңартылмаса, дәл осы мөлшердегі айыппұл қарастырылған. Егер айыппұлды бір апта ішінде төлейтін болсаңыз, онда сомма 50 пайызға төмендейді. Егер сізде паспорт бар болса, жеке куәлікті рәсімдеу үшін оны да өзіңізбен бірге алып келу керек. Бұл ретте жеке куәлік үшін мемлекеттік баж 0,2 АЕК немесе 690 теңге болады. Қызметті төлқұжатпен бірдей әдіс бойынша жеделдетуге болады. Сонымен қатар, жеке куәлік пен төлқұжат үшін мемлекеттік баж салығын төлеуден босатылған клиенттердің жеңілдетілген санаты бар екенін ескертеміз. Олар:
• ҰОС ардагерлері және оларға теңестірілген тұлғалар;
• Кеңес одағының батырлары және Социалистік еңбек ерлері;
• барлық топтағы мүгедектер, сондай-ақ бала кезінен мүгедек болған клиенттің ата-анасының бірі;
• қарттар мен мүгедектерге арналған мекемелерде тұратын егде жастағы адамдар;
• жетім балалар және балалар үйлерінде немесе интернаттарда тұратын ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
• «Батыр Ана» атағы бар, "Алтын алқа" және "Күміс алқа" төсбелгілерімен наградталған көпбалалы аналар;
• Чернобыль апатының салдарынан зардап шеккен азаматтар.
Айыппұл төлемеу үшін және ХҚКО-ға баруды алдын ала брондау үшін клиенттерден өз құжаттарын уақытылы жаңартып отыруды сұраймыз.