ХҚКО-дан төлқұжат пен жеке куәлікті қалай тез алуға болады?

ХҚКО-дан төлқұжат пен жеке куәлікті қалай тез алуға болады?

Жаз мезгілі – демалыс пен саяхат кезеңі. Осыған байланысты жаз мезгілінде Қазақстанның ХҚКО-ларында жеке куәлік пен төлқұжатты ресімдеу үшін өтініш білдіретін клиенттер саны артады.
Паспорт алу
Паспорт пен жеке куәлікті алу қызметі әлі онлайн режимінде қолжетімді болмай тұр. Бұл құжаттарды рәсімдеу үшін міндетті түрде ХҚКО-ға жүгіну қажет. Десе де, қызмет эксаумақтылық қағидаты бойынша көрсетіледі – өзіңіздің тіркелген мекенжайыңызға қарамастан кез келген ХҚКО-ға бара аласыз. ХҚКО-ларда жеке куәлік пен паспортты ресімдеу бойынша операцияны көші-қон қызметі көрсетеді. Егер төлқұжат алу үшін бірінші рет келіп тұрсаңыз, сізге тек жеке куәлік қажет болады. Егер сіздің төлқұжатыңыздың мерзімі аяқталса, оны мерзімі аяқталғанға дейін 1-2 ай бұрын ауыстыра аласыз. Төлқұжаттың мерзімі аяқталғаннан кейін жаңа төлқұжат алу үшін өтініш білдірсеңіз, кешіктіргеніңіз үшін айыппұл қарастырылмайды. Төлқұжат үшін мемлекеттік баж – 8 АЕК (2023 жылдың 1 қаңтарында белгіленген АЕК) немесе 27 600 теңге. Қызмет көрсетудің стандартты мерзімі – 15 жұмыс күні. Алайда, қосымша төлем жасау арқылы бұл процесті жеделдетуге болады. Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және Ақтөбе тұрғындары процесті осы әдіс бойынша үш күннен бір жұмыс күніне дейін қысқарта алады:
1 жеделділік санаты – 1 жұмыс күніне дейін - 4 983 теңге;
2 жеделділік санаты – 3 жұмыс күніне дейін - 2 752 теңге.
Облыс орталықтары үшін басқа әдіс қарастырылған:
1 жеделділік санаты – 3 жұмыс күніне дейін - 4 983 теңге;
2 жеделділік санаты – 5 жұмыс күніне дейін - 2 752 теңге.
Ал аудандар мен облыстардағы қалалар үшін тек үшінші санат қолжетімді: 1 116 теңге қосымша төлем арқылы 7 жұмыс күніне дейін жеделдете алады. Баланың төлқұжатын рәсімдеу кезінде оның туу туралы куәлігін