«Ақжар Барысы - 2023»

«Ақжар Барысы - 2023»

Сәуірдің 30-ы күні аудандық дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде аудан әкімі Қанат Қалиевтің жүлдесіне арналған қазақ күресінен «Ақжар Барысы-2023» аудандық турнирі өтті.
Қазақ күресінен «Ақжар Барысы – 2023» турнирінің аудандық кезеңіне қатысушыларды аудан басшысы Қанат Қалиев құттықтау сөзімен қарсы алды. Аудан әкімі өз сөзінде ауданда, жалпы еліміздегідей, спорт пен салауатты өмір салтына үлкен көңіл бөлінетінін ерекше атап өтті. Сапалы спортпен шұғылдану үшін барлық жағдай жасалған: бұл - білікті кадрлар да, салынған спорт нысандары да, спорттық жабдықтар үнемі жаңартылып отырады.
Ауданның бірінші басшысы бүгінгі турнирге қатысушыларға сәттілік пен жеңістер тілеп, жарысты өткізуге көмек көрсеткен маңызды спорттық іс-шараның демеушілеріне үлкен алғысын білдірді: олар – жергілікті кәсіпорын басшылары Абзал Абдрахманов, Болат Атығожин, Ғалымжан Ғиззатов, Иван Гоцак, Жарас Жағпаров, Әскер Қабдрахманов, Бейбіт Қанафин, Нариман Смағұлов, Марат Тоқышев.
Аудандық турнирге қатысушыларды әдемі би орындаған «Серпер» өнер мектебінің би тобы да жылы қарсы алды.
«Ақжар Барысы – 2023» аудандық кезеңі 60 және 70 келіден жоғары салмақтық санаттағы жас балуандардың өнер көрсетуінен басталды, онда тартымды жекпе-жектер барысында Ұялы ауылдық округінен Мұсахметов Нұрислам және Қулыкөл ауылдық округінен Әнуарбек Айбек чемпион атанды, екінші-үшінші орындарды Жаңбырбай Ерман мен Көбентай Шыңғыс және Жұмажан Егінбай мен Нұрмағанов Ернар иеленді. Олардың барлығы - Қулыкөл ауылдық округінің өкілдері. Салмақ дәрежесі бойынша палуандар арасында жүлдегерлер мен жеңімпаздарды турнирдің демеушілері Болат Атығожин мен Ғалымжан Ғиззатов грамота және ақшалай сыйлықпен марапаттады.
«Ақжар Барысы – 2023» беделді атағы үшін күресуге Алкатерек, Қулыкөл, Талшық және Үлкенқарой ауылдық округтерінен 8 палуан тілек білдірді.
Асылы, 2-3 орынға ие болған Қулыкөл ауылдық округінің өкілі Дайыр Асан мен Талшық ауылдық округіне қарасты Қазан ауылынан келген Хамит Батырбек дипломдармен және тиісінше 70 және 50 мың теңгеге сертификаттармен марапатталса, «Ақжар Барысы – 2023» құрметті атағының иегері атанған Әнуарбек Мейірбекке аудан әкімі чемпион белбеуін, диплом мен 100 мың теңгеге сертификат табыс етті.