Салалық алқа мәжілісі өтті

Салалық алқа мәжілісі өтті

Онлайн режимде аудан әкімдігінің үлкен залында облыс әкімінің орынбасары Сатжан Аблалиевтің төрағалығымен облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының алқасы өтті. Оның жұмысына аудан әкімі Қанат Қалиев, жергілікті бизнес қоғамдастығының өкілдері қатысты.
Алқа мәжілісінде сөз сөйлеген облыс әкімінің орынбасары Сәтжан Аблалиев Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында белгіленген индустриялық-инновациялық даму саласындағы тапсырмаларды іске асыру бойынша жұмыстар табысты жүргізіліп жатқанын ерекше атап өтті.
Алқа жұмысы барысында өнеркәсіп, кәсіпкерлік, индустриялық-инновациялық даму, жер қойнауын пайдалану, туризм, сауда, инвестициялар тарту салаларының 2022 жылғы жұмысының қорытындысы шығарылды.
Бұдан әрі "облыстың өнеркәсіптік-индустриялық секторын дамыту туралы" баяндамамен облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Дархан Әмірин, "Qyzyljar "арнайы экономикалық аймағының даму қорытындылары мен перспективалары туралы" - "Qyzyljar" АЭА директоры Нұрбек Қожахметов, "Солтүстік Қазақстан облысында кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру туралы" баяндама жасады 2022 жылы "Даму" Қорының өңірлік филиалының директоры Олег Пак, "Кәсіпкерлер палатасының атқарған жұмысы туралы" - "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының директоры Тимур Бекеев.
Аталған бағыттар бойынша сала басшылары ақпарат беріп, өз баяндамаларында жұмыстағы жетістіктерімен ғана шектелмей, проблемалық мәселелерімен де бөлісті. Олар ең перспективалы жобаларды да, әлі де жұмыс істеп, пысықтауға тұрарлық жобаларды да белгілеп өтті.
Бүгінгі таңда цифрландыру, ақпараттандыру және мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі - маңызды автоматтандыру құралдарын енгізуге және мемлекеттік аппарат жұмысының тиімділігін, сондай-ақ азаматтардың тыныс-тіршілігін арттыру үшін қолданыстағы процестерді жетілдіруге мүмкіндік беретін қазіргі заманғы бағыттар.
Цифрландыру, ақпараттандыру және мемлекеттік қызметтер мониторингінің қорытындылары мен басымдықтары туралы цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Азамат Байтеміров, "Азаматтарға арналған үкімет "Мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ СҚО бойынша филиалының директоры Еркін Жұмабай көрсетілген қызметтер мен жаңа сервистерді пайдалану туралы, "Инновациялық it-экожүйені дамыту туралы" Астана хаб IT-халықаралық технопаркінің Өңірлік менеджері Иван Бухонин ақпарат берді, "Қазақтелеком" АҚ цифрландыруға қосқан үлесі туралы" B2G сату бөлімінің бастығы Олег Ефимов бейнеслайдтар арқылы көрсетті.
Баяндамадан соң спикерлер, қосымша баяндамашылар және тиісті салалардың сарапшылары алқа қатысушыларының сұрақтарына жауап берді.
Өткізілген алқа жұмысын қорытындылай келе, облыс әкімінің орынбасары Сәтжан Аблалиев қаралған мәселелердің маңыздылығын тағы да бір атап өтіп, аудан әкімдері мен облыстық ведомстволардың басшыларына бірқатар хаттамалық тапсырмалар берді