АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТІ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТІ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

Қаңтардың 17-сі күні «AMANAT» партиясы аумақтық филиалының мәжіліс залында аудандық мәслихаттың жетінші шақырылымындағы кезекті 30 сессиясы өтті. Сессия жұмысы аудандық мәслихат төрағасы Айбек Хоршаттың жетекшілігімен жүрді.
Сессияның күн тәртібіне бір сұрақ - Ақжар ауданының округтік сайлау комиссия мүшелерін сайлау туралы мәселе қаралды.
Сессияның қарауына бес партия - «AMANAT», Қазақстан Халық партиясы, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық және Жалпыұлттық социал-демократиялық партияларынан 10 адамнан, «Ауыл» ХДПП 7 адам және 3 адамды «Ақжар ауданының Ардагерлер кеңесі» ҚБ округтік сайлау комиссияларының құрамына мүшелікке кандидат ретінде ұсынды.
Сессия соңында аудандық мәслихат депутаттары округтік сайлау комиссияларының мүшелігіне ұсынылған кандидаттарды басым дауыспен сайлады.