Аудан әкімдігінің отырысы өтті

Аудан әкімдігінің отырысы өтті

Бейсенбі, 12 қаңтарда аудан әкімі Қанат Қалиев аудан әкімдігінің үлкен залында әкімдік отырысын өткізді.
Отырыс жұмысына аудандық мәслихат хатшысы Айбек Хоршат, аудан әкімінің орынбасарлары, ауылдық округі әкімдері, аудандық және аумақтық қызметтердің, кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары қатысты.
Отырыста ТКШ, ЖК, АЖ және ТИ қызметінің бас маманы Дәмила Еркесары сөз сөйлеп, жылу беру маусымының өту барысы және аудандағы жолдарды күтіп ұстау туралы баяндады.
Тұрғын үй секторындағы өрт қауіпсіздігінің ахуалы туралы аудандық ТЖ бөлімінің басшысы Арман Таниев ұсынды.
Отырыс барысында мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Самат Мұратбеков «Азаматтардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» ақпарат берді.
Басшылардың баяндамаларын зерделеп шыққан аудан әкімі коммуналдық қызмет аталған бағыттар бойынша өз жұмысын өте төмен деңгейде орындап жатқанын белгіледі. Сондықтан жергілікті жолдарды күту бойынша жүктелген жұмыстарды сапалы түрде орындау міндет.
Тұрғын үй секторындағы өрт қауіпсіздігін сақтау туралы тақырыбында аудан басшысы өртті алдын-алу бойынша шараларды күшейту қажет. Барлық өртке қарсы қорғау құралдары мен инвентарь бір тәртіпке келтірген абзал. Ұдайы жауынгерлік дайындықта болуы керек.
«Азаматтардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» ақпарат бойынша аудан әкімі ел арасында бұл заңды түсіндіру мақсатында ауылдық округі әкімдері мен уәкілетті органдар жұмыс жүргізу міндет. Ауданымыздың әр тұрғыны «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 178-VII Заңын білу тиіс.
Соңында отырыста қаралған барлық мәселелер бойынша орындау мерзімі нақты белгіленген тапсырмалар берілді.