Жастар чемпионатының ашылуы өтті

Жастар чемпионатының ашылуы өтті

Денешынықтыру-сауықтыру кешеніндеЖастар чемпионатының ашылуы өтті.

Қарашаның 16-сы күні өткен Чемпионаттың салтанатты ашылуымен облыс әкімінің орынбасары Сәтжан Әйтенұлы Аблалиев құттықтады.

Жастар чемпионатының ашылуында сөйлеген сөзінде облыс әкімінің орынбасары Сатжан Аблалиев мемлекет денешынықтыру мен спорттың сапалы дамуына, жалпы еліміздегі салауатты өмір салтына үнемі назар аударып отырғанын және бірінші кезекте жастарға, ұлтымыздың болашағына көңіл бөлетінін ерекше атап өтті. Дене шынықтыру мен бұқаралық спорттың оң дамуы – салауатты қоғам болуының кепілі және ол баршаға қолжетімді болу міндет.

Жас ұрпақты спортпен белсенді айналысуға, салауатты рух пен тәнге табынудың идеологиялық ұстанушылары болуға шақырды.

Сөз соңында барлығына спортта табыс тілеп, облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың атынан БЖСМ ұжымына "Газель" шағын автобусының кілтін табыс етті.

Жастар чемпионатының ашылуымен Қысқы Олимпиада жүлдегері Александр Герлицтің әкесі, педагогикалық саласының ардагері Александр Герлиц те құттықтады.