Аудан ұйымдары арасында спартакиада өтуде

Аудан ұйымдары арасында спартакиада өтуде

Қарашаның 14-ікүні аудан мекемелері мен кәсіпорындарының қызметкерлері арасында спартакиада басталды.

Салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңызды факторы ретінде дене шынықтыру мен спортты насихаттауға бағытталған спартакиада бағдарламасына волейбол, үстел теннисі, арқан тарту, футзал, шахмат және дойбы кірді.

Жарысқа аудан орталығының 50-ге жуық мекеме, кәсіпорын және ұйымдары қатысады.

Спорт түрлері бойынша және жалпыкомандалық есепте 1-3 орын алған командалар тиісті дәрежедегі кубок және грамоталармен, ал жеке есептегі спорт түрлері бойынша жүлделі орындардың иегерлері медаль және грамоталармен марапатталатын болады.