Әлеуметтік сала қызметкерлерінің мерекесі

Әлеуметтік сала қызметкерлерінің мерекесі

Әлеуметтік сала қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты жиналыс қарашаның 1-і күні аудандық Мәдениет үйінде өтті. Аталған шараға аудан әкімі Қанат Қалиев қатысты.

Бұл кәсіби мереке осы жылдар ішінде тек ресми шара ғана емес, мейірім мен шапағат мейрамына, игі дәстүрге айналғанын жеткізді ауданымыздың бірінші басшысы өзінің құттықтауында.

Бүгінгі таңда халықты әлеуметтік қорғау жүйесі жетілдіріліп келеді. Әлеуметтік қызмет көрсету мекемелерінің саны артып, мұқтаж жандарға әртүрлі көмектер көрсетілуде.

Аталған саланың басты құндылығы – кәсіби деңгейі жоғары, адамгершілік ізгі қасиеттерді бойына сіңіре білген қызметкерлердің көмекке зәру қарттарға, жетімдер мен мүгедектерге қол ұшын созуға әрқашан әзір болуы деп жеткізді құттықтау барысында. Адам бойындағы сенім, мейірім мен әділеттілік қасиеттерін одан әрі нығайтудың маңызы зор.

Құттықтау кезінде аудан әкімі жергілікті әлеуметтік қызметінің жұмысына да тоқталды. Бүгінде ауданымыздың әлеуметтік қорғау жүйесінде 50-ге жуық қызметкер жұмыс істейді, олардың 15-і – әлеуметтік қызметкерлер. Өткен жылы әлеуметтік қызметкерлердің жалақысы 50%-ға өссе, биылғы жылы тағы 25%-ға көтерілді. Мұндай қолдау ауданымыздың әлеуметтік сала мамандарының жұмысына жаңа серпін беріп отыр. Және 20 жылдан астам уақыт бұл салада қызмет етіп жүрген білікті мамандардың есімін атап өтті.

Құттықтау соңында аудан басшысы қарттар мен мұқтаж жандарға жасаған жақсылықтарына үлкен ризашылық, қажырлы еңбектеріүшін алғысын білдіріп,ұзақ ғұмыр, шуақты өмір тілеп, ауданымыздың бірқатар үздік әлеуметтік қызметкеріне өзінің және облыстық кәсіподақ ұйымының Құрмет грамоталарын табыс етті.

Әлеуметтік сала қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты жиналыс ауданымыздың өнерпаздар ұжымдары дайындаған концертпен жалғасын таба білді.