Тұрақты комиссияның отырысы өтті

Тұрақты комиссияның отырысы өтті

Аудандық мәслихаттың бюджет және экономика жөніндегі тұрақты комиссиясы қарашаның 2-сі күні «АМАNAT» АПФ отырыс залында депутат Оксана Киккаринованың төрағалығымен өтті.

Аудандық мәслихаттың бюджет және экономика жөніндегі тұрақты комиссиясы қарашаның 2-сі күні «АМАNAT» АПФ отырыс залында депутат Оксана Киккаринованың төрағалығымен өтті.

СҚО бойынша тексеру комиссиясы аудиторлық іс-шараның қорытындысын аудандық мәслихатқа жолдауына байланысты тұрақты комиссияның отырысына Ақжар ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Самат Мұратбеков пен аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Ринат Әбілдин шақырылған еді.

Мемлекеттік аудит нәтижелеріне сәйкес осы ұйымдардаҚазақстан Республикасы Салық жәнеЖер заңнамаларының нормаларын бұзуға жол берілген.

Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясының мүшелері аталған мекеме басшыларының ақпараттарын тыңдап, зерделеп, оны мәлімет үшін алып, бірқатар ұсыныстар берді: қаржылық тәртіпті қатаң сақтау және бұдан әрі анықталған бұзушылықтарға жол бермеу; ҚР заңнамасын бұзуға жол берген лауазымды тұлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы мәселені қарау; қызметкерлердің біліктілігін арттыруға тиісті бақылауды жүзеге асыру және т. б.