«ЗАҢ КЕРУЕНІ» КЕҢ АУҚЫМДЫ АКЦИЯСЫ

«ЗАҢ КЕРУЕНІ» КЕҢ АУҚЫМДЫ АКЦИЯСЫ

Қарашаның 2-сі күні ауданымызда Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы «Заң керуені» кезекті кең ауқымды акциясын іске қосты. Акцияның мақсаты — заңдарды түсіндіру, азаматтардың құқықтық мәдениетінің деңгейін арттыру, халыққа жедел құқықтық көмек көрсету, прокуратураның құқық қорғау рөлін жүзеге асыру. Аталған шараның ашылу рәсіміне аудан әкімі Қанат Қалиев қатысты.

«Заң керуенінің» ашылуы аудан әкімдігінің ғимаратында өтті. Күні бойы аудандық әкімдікте аудан прокурорының м. а. Жеңіс Зейнуллин бастаған штаб жұмыс істеп, прокурорлар азаматтардың жеке қабылдауын өткізіп, ондаған аудан тұрғындарына заң қадағалау орган өкілдері тиісті көмек беріп, сол мәселе бойынша мемлекеттік орган басшыларын тыңдап, сұрақпен келген қауымның құқықтық мәдениетінің деңгейін көтерді.

Іс-шара аясында қадағалау ведомствосының өкілдері ауданымыздың ауылдық округтеріндегі барлық елді мекендеріне барып, ауыл тұрғындарымен кездесулер ұйымдастырып, олардың проблемаларын шешуде құқықтық көмек көрсете білді.