Кәсiпкерлiк субъектiлерiне хабарландыру

Кәсiпкерлiк субъектiлерiне хабарландыру

Ағымдағы жылдың 9 қыркүйегiнде сағат 15:00-де Солтүстiк Қазақстан облысының бақылау және қадағалау органдарының «Бiрыңғай есеп беру күнi» өтедi. Қатысуға облыс кәсiпкерлерi шақырылады.

Есептiң бiрыңғай күнi кәсiпкерлiк субъектiлерiмен мемлекеттiк бақылау мен қадағалауды және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтардың профилактикасын жүзеге асыру нәтижелерiн талқылау бойынша, кәсiпкерлiк субъектiлерi мен мемлекеттiң өзара iс-қимылын жақсарту, бизнес пен мемлекет қатынастарын реттеу мәселелерi бойынша сындарлышешiмдер тұжырымдау, қауiпсiзқызметтi жүзеге асыру үшiн кәсiпкерлiк субъектiлерi мен ұйымдардың құқықтық сауаттылығын арттыру, мемлекеттiң бақылау-қадағалау қызметi реформасын iске асыруш еңберiнде мемлекеттiк бақылау және қадағалау мәселелерi заңнамасының мiндеттi талаптарын талқылау бойынша өткiзiледi.

Бiрыңғай есеп күнi мына мекен-жайда өткiзiледi: Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесi, 58, 1 қабат (үлкен зал).

Ақжар аудандарының кәсiпкерлерi Бейнеконференц байланыс арқылы аудандық әкiмдiкте қатыса алады.

Iс-шараға қатысу туралы ақпаратты мына телефондар арқылы алуға болады: 8 (7152) 36-13-62 «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң кәсiпкерлiк және индустриалық-инновациялық даму басқармасы» КММ.

 

Ақжар ауданы бойынша кәсіпкерлік субъектілері Iс-шараға қатысу туралы ақпаратты мына телефондар арқылы алуға болады: 8 (71546) 22-207 «Солтүстiк Қазақстан облысы Ақжар ауданының ауылшаруашылық,кәсiпкерлiк және ветеринария бөлімі» КММ.