СПОРТ МЕРЕКЕСІ

СПОРТ МЕРЕКЕСІ

Ауданымызда «Ақбидай» Жазғы спорт мерекесі өтеді

Шілденің 19-ы мен 24-і аралығында Талшық ауылында «Ақбидай» Облыстық жазғы спорт ойындары өтеді.

Мерекелік сайыс екі кезең бойынша өткізілетін болады.

1 кезең шілденің 19-21 аралығында өтіп, оған ату, бокс, дойбы, футбол, шахмат және баскетбол мен волейболдан ерлер мен әйелдер командалары кіреді.

2 кезеңнің ішінде гір спорты, еркін күрес, жеңіл және ауыр атлетика, стол теннисі секілді спорт түрлері бар. Бұл ойындар шілденің 22-сі мен 24-і аралығында өтпек.

Жалпы бұл Ойындарда облысымыздың аудандарынан спорттың 12 түрінен 130-ға жуық спортшы қатыспақ.

Бүкіл жарыстар Талшық ауылының спорт алаңдарына өткізіледі.

Аудан тұрғындары мен қонақтарын «Ақбидай» спорт мерекесін тамашалауға шақырамыз!