Аудан әкімінің тұрғындармен кездесуі

Аудан әкімінің тұрғындармен кездесуі

Өткен апта ішінде аудан әкімі Қанат Қалиевтің есептік кездесулері Кішіқарой және Кенащы ауылдық округтерінің әкімшілік орталықтары – Бостандық пен Кенащы ауылдарында өтті.

Аудан әкімінің Қанат Қалиевтің Кішіқарой және Кенащы ауылдық округтерінің әкімшілік орталықтары – Бостандық пен Кенащы ауылдарының тұрғындарымен кездесу барысында есептік мезгілдегі ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы негізгі көрсеткіштеріне тоқталды. Атап айтсақ, ел тұрғындарының әл-ауқатын арттырудағы жұмыстарды белгілеп, алдағы қойған жоспармен бөлісті. Мәселен, «Ауыл – ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жоспарланған ішкі жолдардың орташа жөндеуі бірқатарауылдарда жүргізіліп жатыр.

Кездесу сәтте ел тұрғындары бірқатар өзекті мәселелерді ортаға салды. Соның ішінде шөппен қамтамасыз ету, автомобиль жолдарын жөндеу, елді мекенге жақын маңда орналасқан ауылшаруашылық ұйымдардың егістік алқаптарды химиялық өндеудің зияны бойынша шаралар. Сонымен қатар, тұрғындар жергілікті фермерлердің халықтың әлеуметтік ахуалын арттыруға бағытталған қоғамдық шараларға өте төмен деңгейде қатысатынын жеткізді.

Сұрақтарға жауап берген аудан әкімі халықтың жеткізген базынасы толық шешімін табатынын белгіледі. Ал жол мәселесіне келсек, бір жылдың ішінде барлық жұмыстарды қамту мүмкін емес, сондықтан бұл іс Ауылдық аумақтарды дамыту бағдарламасына сәйкес 2025 жылға дейін жүзеге асырылмақ.

Кездесудің қорытынын жасаған ауданымыздың бірінші басшысы Қанат Қалиев барлық мәселелерді ауыл әкімдігі, ардагерлер алқасы, қоғамдық кеңеспен ақылдаса шешкен абзал деп белгіледі. Сонда ғана біз алға қойған мақсатымызға жетеміз.

Соңында баршаны мемлекеттік бағдарламаға белсене қатысуға, кәсіпкерлік нысандар мен жұмыс орындарын ашуға шақырып, елге береке мен байлық тіледі.