Мобильді азаматтар базасындағы нөмірді қалай ауыстырады?

Мобильді азаматтар базасындағы нөмірді қалай ауыстырады?

Мобильді азаматтар базасында (МАБ) тіркелген нөміріңізді ХҚО-ға бармай-ақ, өзіңіз ауыстыра аласыз.

Оның екі жолы бар:

  1. Еgov.kz порталындағы жеке кабинетіңізге кіріңіз. Мәліметтеріңіз жазылған бұрыштағы телефон нөміріңізді «редакциялау» арқылы өзгертіңіз. Жаңа нөміріңізге түскен кодты енгізіңіз және ЭЦҚ көмегімен қол қойыңыз.

Сіздің нөміріңіз жеке кабинетте және МАБ-да автоматты түрде өзгереді.

  1. Порталдың басты бетінде орналасқан виртуалды ассистентке видеоқоңырау шалыңыз. Байланысқа шыққан операторға өзіңіздің ЖСН-іңіз бен SMS-хабарлама алғыңыз келетін жаңа нөміріңізді айтыңыз.

Жаңа нөміріңіздің тіркелгені туралы сізге хабарлама жолданады.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ СҚО бойынша филиалының баспасөз қызметі