Жәрдемақыға өтінішті қашан тапсыру керек?

Жәрдемақыға өтінішті қашан тапсыру керек?

Балалар жәрдемақысы келесі айда түсу үшін өтінішті үстіміздегі айдың 20-на дейін тапсыру керек.

Мысалы,  егер сіз сәуір айының 20-на дейін тапсырсаңыз  жәрдемақыны мамыр айында аласыз. Ал өтінішіңізді сәуір айының 20-нан кейін өткізсеңіз, әлеуметтік төлемдер мамыр айының бюджетіне бекітіліп үлгермейді,  сондықтан жәрдемақы қолыңызға маусым айында тиеді.

Өтінішті:

  • ХҚО арқылы;
  • Egov.kz порталы арқылы;
  • Kaspi.kz,  Halyk HomeBank банк қосымшалары арқылы тапсыруға болады.

Толығырақ 1414 нөміріне хабарласып біле аласыз.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ СҚО бойынша филиалының баспасөз қызметі