Құжаттарды апостильдеу

Құжаттарды апостильдеу

Көп сұранысқа ие мемлекеттiк қызметтердiң бiрi — ресми құжаттарға апостиль қою. Апостиль — бұл басқа елдегi кез келген ресми құжаттың түпнұсқалығын растайтын арнайы мөр. Бұл жоғары бiлiм туралы диплом, туу туралы куәлiк немесе неке туралы куәлiк, мұрағаттан алынған көшiрмелер және басқа да құжаттар болуы мүмкiн.

Апостиль қоюды екi тәсiлмен жасауға болады — eGov порталында немесе ХҚО-да.

Электрондық үкiмет порталында қызмет бiр жұмыс күнi iшiнде көрсетiледi. Бұл қызметтi алу бойынша нұсқаулық:

  • Порталда авторизациядан өтiп, "құқықтық көмек" бөлiмiне өтiңiз, содан кейiн қызметке онлайн тапсырыс берiңiз
  • жолдарды толтырыңыз және апостиль қойылған құжаттың скан-көшiрмелерiн тiркеңiз
  • ЭЦҚ немесе смс-құпиясөз арқылы сұрауға қол қойыңыз;
  • Жеке кабинетте "Апостиль"электрондық мөртаңбасын алыңыз

ХҚО-ға жүгiнген кезде апостиль ұсынуға өтiнiш және келесi құжаттар болуы қажет:

  • жеке куәлiктiң түпнұсқасы
  • апостиль қоюға жататын құжат
  • бюджетке мемлекеттiк баж төленгенiн растайтын құжат
  • өкiл жүгiнген кезде, нотариалды куәландырылған сенiмхат.

ХҚО арқылы қызмет көрсету мерзiмi — екi жұмыс күнi.

Қызмет құны — 0,5 АЕК.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ
СҚО бойынша филиалының баспасөз
қызметi