Тiркелу бойынша SMS хабарлама

Тiркелу бойынша SMS хабарлама

Бiз тұрғын үй иелерiне тiркелген азаматтар мен тiркеуден шығарылған тұрғындар туралы SMS-хабарламалар жолдайтын жаңа сервистi енгiздiк.

Ендi азаматтар ХҚО арқылы тiркелген кезде тұрғын үй иесi өз телефонына тiркелген адамның деректерi көрсетiлген хабарлама алады. Егер баспана иесi үйiнде тұратын адамды тiркеуден шығарғысы келсе, екiншi тарапқа да тiркеуден шығарылғаны туралы хабарлама барады.

Аталған жаңа сервис ақылы түрде тiркеудi ұсынатын делдалдарға қарсы күресте көмектеседi

Азаматтарды тұрғылықты жерi бойынша eGov порталы арқылы да онлайн тiркеуге немесе тiркеуден шығаруға болады. Ол үшiн тұрғын үй иесi мен тiркелген адамның электрондық цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) болуы керек.

«Азаматтарға арналға үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ
СҚО бойынша филиалының баспасөз
қызметi